2020 жылға қарай елді мекендер автобус бағыт-бағдарларымен 100 пайызға қамтылады

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - 2020 жылға қарай елді мекендер автобус бағыт-бағдарларымен 100 пайызға қамтылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Көлік инфрақұрылымын 2020 жылға дейінгі дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны таныстыру кезінде Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

2020 жылға қарай елді мекендер автобус бағыт-бағдарларымен 100 пайызға қамтылады
Бағдарламаны таныстыру барысында таратылған мәліметтерге қарағанда, елімізде автобус бағдарларын көбейту бойынша тиісті шаралар қарастырылған. Қазіргі уақытта 100-ден артық тұрғыны бар елді мекендердің 75 пайызы тұрақты автобус бағдарларымен қамтылған. 2020 жылға дейін қосымша 300 бағдарды ашу арқылы елді мекендерді 100 пайызға қамту жоспарланған. Мұнымен қоса барлық автовокзалдар мен автобекеттерді ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендіру көзделіп отыр.