2020 жылға қарай Қазақстан халқының саны 18 млн. адамға жуықтайды - Н. Назарбаев

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2020 жылға қарай Қазақстан халқының саны 18 млн. адамға жуықтайды.
None
None

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының XIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Тәуелсіздік жылдары 500-ге тарта денсаулық сақтау нысандары салынды. 2015 жылға қарай 350 дәрігерлік-амбулатория, емханалар салынады»,-деді Елбасы.

Мұнымен қоса Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылға қарай еліміздегі азамттардың өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші 72 және одан да асатын жасқа жететінін айтып өтті. Сонымен қатар Президент бұл саладағы ахуалдың жақсару деңгейіне қарай ана мен бала өлімі екі есеге азаятынын, жалпы өлім-жітім 30 пайызға төмендейтінін, сондай-ақ Қазақстан халқы 18 млн. адамға жуықтайтынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар