2020 жылға қарай Қазақстанда химия өнеркәсібіндегі кадр тапшылығы 15 мың маманды құрайды

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - 2020 жылға қарай Қазақстанда химия өнеркәсібіндегі кадр тапшылығы 15 мың маманды құрайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Қазіргі уақытта білікті кадрлар тапшылығы байқалады. Бағалау бойынш, 2020 жылға қарай түрлі біліктілікте кемінде 15 қызметкер талап етілетін болады. Оның ішінде жоғары білімді 3 мыңнан астам, ортатехниклық білімді 2 мыңнан астам адам және кәсіби білімі бар басқа да білікті жұмысшылар қажет», - деді ол.

Осы ретте ол Білім және ғылым министрлігінен елімізде іске қосылып жатқан өндіріс ошақтарын ескере отырып, білім бағдарламасын белсендіруді және қайта қарауды өтінді.

«Мұғалімдерді дайындау маңызды рөлге ие. Оларды тағлымдамаға жіберу және де тек қана академиялық институттарда ғана емес, сонымен бірге ірі шетелдік өндірістік компанияларда оқыту мәселесін шешу қажет», - деді Ә.Исекешев.

Соңғы жаңалықтар