2020 жылға қарай Қазақстанда инклюзивті мектептер үлесі 70 пайызға артады - Б.Жұмағұлов

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - 2020 жылға қарай Қазақстанда инклюзивті мектептер үлесі 70 пайызға артады.
None
None

Бүгін 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуы қарастырылған Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай мәлім етті.

«Республикада инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын 1462 мектеп және 166 балабақша жұмыс жасауда. 2020 жылға қарай аталған мектептердің үлесі 70 пайызға дейін артатын болады»,- деді ол.

Министрдің атап өтуінше, мүгедек балалар «кедергісіз аймақтармен» қамтамасыз етіледі. Пандустер орнатылады, арнайы жиһаздармен және құралдармен жабдықталады.

«Үйде оқитын мүгедек балалар - мүмкіндігі шектеулі балалар арасында ең әлсіз топқа жатады. 2013 жылдың басында республика бойынша 53989 мүгедек бала тіркелген. Оның 8796-сы үйде оқиды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар