2020 жылға қарай Қазақстанда көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі құрылады - Дүйсенова

АСТАНА. ҚазАқпарат -  2020 жылға қарай Қазақстанда көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі құрылады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«1998 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан өзгерістеріміз тұжырымдамалық, құрылымдық өзгерістер саналады. Бұрын зенйтақыны тек мемлекет төлеп келген болса, енді құрылымдық өзгеріске сәйкес зейнатақыны төлеу үшін  үш субъект жауапты болады: мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшы. Бұл ретте әр азамат өзінің жауапкершілігін білуі тиіс. Зейнетке шығу үшін  қажетті жарна төлеп отыруы қажет»,-  деді министр.

Оның атап өтуінше, мемлекет өз тарабынан барлық зейнетақы төлемдерін төлеп келеді және оның көлемін арттыру мәселесін де қолға алуда.

«Біз бәріміз жұмысшы ретінде  жалақымыздан 10 пайыздық жарнамызды төлеп келеміз. Енді біздің зейнетақы қорымызға үшінші субъект төлем жасайды. Қазіргі уақытқа дейін жұмыс беруші қызметкеріне зейнетақы жарнасын төлеп келе жатқан жоқ. Біз өзіміздің еңбекақымыздан 10 пайыз төлеп келеміз. Енді өзгерістерге сәйкес 2020 жылдан бастап жұмыс беруші өзінің қаражаты есебінен қосымша 5 пайыз төлейтін болады. Міне осы үш субъектіден тұратын көпдеңгейлі зейнатқы жүйесін біз 2020 жылға қарай толық түзіп бітуміз керек»,-  деді Тамара Дүйсенова.

Айта кетейік, Еңбек министрі бүгін 2018 жылдың 1 шілдесінен зейнеткерлікке шығатын әйелдердің зейнетақысы 2 есеге ұлғайтылатындығын айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар