2020 жылға қарай Қазақстанда тариф құны 80 пайызға дейін өсуі мүмкін
«2015 жылғы 1 қаңтардан бастап әлемдік тәжірибеге сүйеніп, жаңа тарифтік саясатты бастадық. Оның маңызды ұстанымдары: тұтынушылардың мүдделерін қорғау; коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру; субъектілер жұмысының тиімділігін көтеру»,- деді ол.
Комитет басшысының атап өтуінше, осыған орай тұтынушыларды қорғауға арналған жаңа модель жасалған. Аталған модельдің ең маңызды ұстанымы - тариф халықтың жағдайына қарап бекітіледі.
«Нақты айтқанда, коммуналдық қызметтерге жалпы төлемнің квитанциясы тұтынушыға түсінікті болуы тиіс. Осыған байланысты тұтынушы үшін жағдайдың тұрақты болуына арналған жаңалықтардың бірі - ұзақ мерзімді тарифке көшу. Біздің модельде алаңы 44 шаршы метр болатын және қызметтерді тұтынудың стандартты параметрлері бар пәтер алынды. Инфляцияға үлес - 1,2 пайыз. Модель бойынша пәтердің орташа чегі бір пәтер үшін 8,200 теңгеден 2019 жылдың соңында 14,700 теңгеден немесе 80 пайыздан аспайды», - деді С.Жұманғарин.