2020 жылға қарай құрылыс нысандарына сарапшылық қызметтің 80 пайызы нарықтық ортаға беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылға қарай құрылыс нысандарына сарапшылық қызметтің 80 пайызы нарықтық ортаға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
None
None

«Қазіргі уақытта мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын жобалау құжаттамасының 80 пайыздайы мемлекеттік сараптамада, қалған 20 пайызы сарапшылық жұмыс нарығы өкілдерімен қаралады. Осыған орай әзірлеушімен бәсекелестік ортаны дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету міндеті қойылды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бірінші кезеңде 2015 жылы нарық субъектілері жүзеге асыратын сарапшылық жұмыстың көлемі қазіргі 20 пайыздан 50 пайызға дейін, ал екінші кезеңде 2020 жылға дейін 90 пайызға дейін жеткізілетін болады.

«Осы жұмыстардың кемінде 10 пайызы 2020 жылы сараптаманың мемлекеттік секторының жүргізілімінде қалады. Олар: бюджеттік қаражат есебінен немесе мемлекеттік инвестициялардың, өзге де нысандардың қатысуымен қаржыландырылатын тек қана жаңа нысандарды тұрғызуға, сондай-ақ жобалау мен құрылыстың ерекше нормаларын белгілеуі тиіс мемлекетаралық маңызы бар нысандарға немесе бірегей нысандарға жатқызылатын құрылыс объектілері жобаларын, сонымен бірге техникалық және технологиялық жағынан күрделі нысандарға жататын ғимараттар мен құрылыстарға арналған құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемелерін және жобалау-сметалық құжаттамаларын сараптау», - деді бірінші вице-министр.

Соңғы жаңалықтар