2020 жылға қарай логистикалық ахуалы үздік 40 елдің қатарына кіруді көздеп отырмыз - А.Мамин

АСТАНА. ҚазАқпарат -- Қазақстан 2020 жылға қарай логистикалық ахуалы үздік 40 елдің қатарына кіруді жоспарлап отыр.

2020 жылға қарай логистикалық ахуалы үздік 40 елдің қатарына кіруді көздеп отырмыз - А.Мамин

Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумы «Ұлы Жібек жолы елдерінің форумы: Энергия, ресурстар және орнықты даму» сессиясында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті Асқар Мәмин мәлім етті.
«Алдымызға қойып отырған мақсатымыз - өзіміздің LРІ логистика тиімділігі индексімізді жақсарту. Біз 2020 жылға қарай логистикалық ахуалы үздік 40 елдің қатарына кіргіміз келеді. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстар өз нәтижесін көрсететін болады», - деді ол.
Компания басшысының атап өтуінше, бүгінде «Қазақстан темір жолы» жалпы табысының 30 пайызы жүк тасымалдау есебінен түсуде. Алдағы уақытта, нақтылай айтқанда 2020 жылға қарай компания бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізуді жоспарлауда. «Өзіміздің стратагиялық мақсаттарымыз аясында шешуді жоспарлап отырған негізгі міндеттеріміз осындай», - деп түйіндеді сөзін А.Мамин.