2020 жылғы Күннің соңғы толық тұтылуын қалай дұрыс қарсы алуға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы желтоқсанның астрономиялық оқиғаларының арасында 14 желтоқсанда болатын толық күн тұтылуы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандықтар бұл астрономиялық құбылысты көре алмайды, өйткені күннің тұтылуының ең жоғары фазасы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі сағат 22:13-те немесе UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) бойынша сағ. 16:13-те болады. Тұтылудың толық кезеңі 130 минутқа созылады және Чили мен Аргентина аумағында айқын көрінеді. 14 желтоқсанда күннің тұтылуы 2020 жылғы соңғы тұтылу дәлізін жабады: Айдың тұтылуы кезінде адам өткенмен қоштасады және барлық ықтимал сәтсіздіктер мен реніштерді жібереді, ал Күн тұтылу кезінде өмірінің жаңа тарауын бастайды.

«2020 жылы Шығыс жұлдыз жорамалының Зодиак шеңберін бастаған Егеуқұйрықтың басқаруымен өтетін өзгерістерге бейімделу өте маңызды» деп кеңес береді астрологтар.

14 желтоқсанда өзіңізге және айналаңыздағы адамдарға деген көзқарасты қайта қарау маңызды. Тұтылу кезінде армандау және медитация жасау, қалаған тілектеріңізді айту, сүйікті ісіңізбен айналысу немесе оны іздеуді бастау маңызды. Күннің тұтылуы кезінде ұрсысудың қажеті жоқ. Барлық ойлар мен сезімдерді сақтау керек, өйткені эмоционалдылықтың жоғарылауы адамды артық сөз айтуға мәжбүр етуі мүмкін.

Астрологтар тек ой мен сезімді тазалап қоймай, айналаңызды да тазартуды ұсынады. Сонда ғана алға қойған мақсат-тілектеріңізге ештеңе кедергі келтірмейді. Тағдырдың белгілерін жіберіп алмау үшін күнделікті істерде де сақ болу керек, бұл алға қойылған мақсаттарға одан әрі жол ашады.

Сондай-ақ, 14 желтоқсаннан 15 желтоқсанға қараған түні сіз Егіздер шоқжұлдызынан жұлдыздардың ағуын көруге болады. Геминиданың ең көп метеорлық ағымы сағатына 120 метеоритке дейін жетеді. Көруге қолайлы уақыт, өйткені жаңа ай фазасындағы Ай болмайды.


Соңғы жаңалықтар