2020 жылғы Токио Олимпиадасы эмблемасыз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылғы Токио Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті Ойындардың ресми логотипінен бас тартты, деп хабарлады ВВС агенттігі.

2020 жылғы Токио Олимпиадасы эмблемасыз қалды

Эмблема авторы Оливье Дэби белгілі жапон дизайнері Кендзиро Сано оның туындысын ұрлап алып, плагиаттық жасады деп айыптады.

Жапон БАҚ-тары хабарлағандай, Сано ұйымдастыру комитетінің мүшелерімен әңгімелескенде материалдарды интернеттен көшіргенін мойындады. Оливье Дэби Саноны соңына дейін қолдаған Жапония ұйымдастыру комитетінің шешіміне таң қалғанын айтты. Фото: AP Photo/Koji Sasahara