2020 жылы 12 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 12,3 мың адам тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2020 жылы 12 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 69,5 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (54,2%) Қытайдан, 30,0% – Өзбекстаннан, 8,9% – Түрікменстаннан, 3,7% – Моңғолиядан және 3,2% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (51,7%) және Маңғыстау (13,4%) Түркістан (5,6%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,7%) қоныстанды.

11 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 57,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,2%-ды және зейнеткерлер 10,6%-ды құрайды.