2020 жылы 12 нысан жекешелендірілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы жекешелендіру аясында 101 млрд теңге сомасында 12 нысан сатылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылы 12 нысан жекешелендірілді

«2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары толығымен орындалды. Былтыр 76 нысанды сату жоспарланған болатын. Есепті жылы 101 млрд теңге сомасында 12 нысан сатылды. 7 нысан қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді», - деді ол.

Министрдің дерегінше, 55 нысан жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған жаңа жоспарына енгізілді.

«2 нысан Жекешелендірудің кешенді жоспарынан алынып тасталды», - деді Ерұлан Жамаубаев.