2020 жылы әлемдік туризм 57%-ға төмендеуі ықтимал

ТОКИО. Киодо-ҚазАқпарат – Британияның зерттеу компаниясының мәліметінше, 2020 жылы халықаралық сапарларға деген әлемдік сұраныс шекаралық бақылауды және карантиндік шараларды күшейту салдарынан 57 пайызға төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Киодо агенттігіне сілтеме жасап.

2020 жылы әлемдік туризм 57%-ға төмендеуі ықтимал

Азия-Тынық мұхиты аймағы 57 пайыздық құлдыраумен зардап шеккен екінші өңір болады. Болжам бойынша, Солтүстік-Шығыс Азиядағы бағыттарға ең көп құлдырау байқалады – 61 пайыз.

Өткен жылғы шілде айымен салыстырғанда, Жапонияға келушілердің саны 99,9%-ға төмендеген. Мұнда әлі де 140-тан астам ел мен аймақтың азаматтарына келуге тыйым салынып отыр.