2020 жылы электронды оқыту жүйесімен мектептің 90 пайызы қамтылатын болады

АСТАНА.  24 тамыз. ҚазАқпарат - Электрондық оқытуды енгізу оқу сапасын арттыру үшін тиімді тетік болып табылады.

2020 жылы электронды оқыту жүйесімен мектептің 90 пайызы қамтылатын болады

Бүгін Астанадағы «Білім беру жүйесін жаңғырту - адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» республикалық педагогикалық тамыз конференциясында  Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай айтты.

«Интерактивті және қашықтан оқытуды кеңейту үшін мектептерде электронды оқыту жүйесін (E-learning) енгізу басталды. Оған 581 ұйым қосылды. 2013 жылы осы жобамен 926 ұйым, ал 2020 жылы мектептің 90 пайызы қамтылатын болады»,-деді министр.

Оның пайымдауынша, сонымен қатар, «Виртуалды мектеп», «Онлайн сабақтар мен семинарлар» жобалары бойынша Назарбаев мектептерінің Интернет-ресурсын құру тәжірибесін тарату қажет. Интерактивті олимпиадалар, оқу турнирлері мен интеллектуалды жарыстар өткізу керек.
«Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаментіне E-learning жобасының шеңберінде:
 интерактивтік оқыту формасын қолдануды кеңейтуді; арнайы онлайн оқыту бағдарламасын әзірлеуді;
2013-2014 оқу жылынан бастап оларды оқу процесіне енгізуді тапсырамын»,-деп түйіндеді Б. Жұмағұлов.