2020 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасына дәлелді шағымдар болған жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасына дәлелді шағымдар орын алған жоқ. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасына дәлелді шағымдар болған жоқ

«2020 жылы мемлекеттік қызметтерді 100 пайыз «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсету бойынша шаралар қабылданды. 6 137 554 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың 98 пайызы электрондық түрде жүргізілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 миллионға артық», - деді Азамат Әмірғалиев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен қатар, ол мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер бойынша бұзушылықтардың саны 99,7 пайызға азайғанын баса айтты.

«Мемлекеттік қызметтердің сапасына дәлелді шағымдар орын алған жоқ», - деді вице-министр.