2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 12 501 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 82,8 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Осы жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,0%) Өзбекстаннан, 9,8% – Қытайдан, 6,8% – Түрікменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,4%), Маңғыстау (19,5%), Түркістан (13,8%) және Жамбыл (8,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,4%) қаласына қоныстанды.

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 27,1%-ды және зейнеткерлер 17,6%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11%-ы жоғары білімді, 39,4%-ы орта кәсіби білімді, 45,7%-ы жалпы орта білімді және 3,9%-ның білімі жоқ.