2021 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық үздік 10 әуесқой боксшы аталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Boxrec.com сайты 2021 жылдың қорытындысы бойынша (барлық салмақ дәрежесіндегі) үздік қазақстандық әуесқой боксшылар тізімін жаңартты, деп хабарлайды ҚаззАқпараи Sports.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық үздік 10 әуесқой боксшы аталды

Рейтингіде әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов көш бастап тұр, әлемдік «алтын» және Токиодағы Олимпиаданың «қола» иегері Сәкен Бибосынов үшінші орында.
2021 жылдың қорытындысы бойынша ТОП-10 қазақстандық боксшының рейтингісін төменнен көруге болады.
1. Бекзад Нұрдәулетов — 33.86;
2. Асланбек Шымбергенов — 32.63;
3. Сәкен Бибосынов — 28.49;
4. Абылайхан Аманқұл — 27.64;
5. Абылайхан Жүсіпов — 24.66;
6. Қамшыбек Қоңқабаев — 21.01;
7. Ділмұрат Мижитов — 20.79;
8. Теміртас Жүсіпов — 19.64;
9. Серік Теміржанов — 16.43;
10. Айбек Оралбай — 14.68.