2021 жылы Қазақстан бақуатты өмір сүретін болады - астролог

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның танымал астрологы Бхарат Тхамби алдағы үш жыл Қазақстан үшін ауыр болатынын болжады. Содан кейін еліміздің өркендеуі басталады екен, ал 2021 жылы біз бақуатты өмір сүреді екенбіз, деп жазады «Экспресс К» басылымы.

2021 жылы Қазақстан бақуатты өмір сүретін болады - астролог

Болжаушының айтуынша, біз теңге бағамының өзгерісіне еш алаңдамауымыз керек. «Қазақстан қазір Шолпан жұлдызының ықпалында тұр. Бұл сіздің мемлекет сыртқы факторлар мен басқа мемлекеттердің саясатына тәуелді екенін көрсетеді. Ал үш жылдан кейін басқа астрологиялық кезең басталады да, сіздер өркендей бастайсыздар. Ал 2021 жылы сіздердің мемлекеттеріңіз дамиды. Астрологиялық картаға қарап отырып мен Қазақстанды бір жарықтың жебеп отырғанын көрдім. Жұлдыздар маған бұл жерде сарқылмас мұнай мен уранның жаңа кен орындары табылатынын көрсетті», - дейді астролог.