2021 жылы «KazЕОSat» спутниктерінің жұмыс істеу мерзімі аяқталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстандағы спутниктер қай мерзімде алмастырылатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«KazSat-2»және «KazSat-3» байланыс спутниктері 2011 және 2014 жылы ұшырылды, сәйкесінше олардың белсенді жұмыс істеу мерзімдері 12 және 15 жылды құрайды. Ал оларды 2023 және 2029 жылдары жоспарлы алмастыру көзделіп отыр», - делінген министрліктің «ҚазАқпарат» агенттігіне берген мәліметінде.
Бұдан бөлек, «KazЕОSat-1» және «KazЕОSat-2» Жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінің белсенді жұмыс істеу мерзімі 2021 жылы аяқталады.
«Осыған байланысты Министрлікпен олардың орнын 2021 жылы жаңа Жерді қашықтықтан зондтау жер серіктерімен амастыру үшін «KazЕОSat-3» және «KazЕОSat-4» жобаларын жүзеге асыру бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда», - дейді министрлік өкілдері.
Қазіргі таңда Қазақстанда екі ғарыштық жүйе бар. Атап айтқанда, «KazSat-2» және «KazSat-3» байланыс спутниктерден тұратын «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесі, сонымен қатар «KazEOSat-1» мен «KazEOSat-2» Жерді қашықтықтан зондтау спутниктерін қамтитын екінші жүйе жұмыс істеуде.