2022 жылға қарай Қазақстанда футбол ойнайтын балалардың саны екі есеге артады

АСТАНА. ҚазАқпарат -2022 жылға қарай Қазақстанда футбол ойнайтын балалардың саны екі есеге дейін артатын болады. Бүгін Қазақстан Футбол федерациясының ХІІ конференциясы барысында федерация басшысы Ерлан Қожағапанов «Футболды дамытудың 2016-2022 жылдарға арналған бағдарламасы» жобасын ұсынды. Бұл туралы Федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Бағдарлама жобасында балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға ерекше назар аударылып отыр.

«Негігзі міндет ретінде біз футбол ойнайтын балалардың, сондай-ақ балаларды жаттықтырушылар санын артыруды қойып отырмыз. Бұған сәйкес, 2022 жылға қарай елімізде футболмен айналысатын балалар санын екі есеге, атап айтқанда, бүгінгі 386 мыңнан 750 мыңға жеткізуді мақсат етеміз», - деді Е.Қожағапанов.

Бұл ретте Федерация басшысы еліміздегі климаттық ееркшеліктерді ескере отырып, жабық футбол алаңдарының санын да көбейту қажеттігін алға тартады. Сонымен қатар футбол клубтарының инфрақұрылымын жақсартуға да назар аударылып отыр.

«Тағы бір маңызды мәселе - футболды коммерцияландыру. Бұл міндетті шешу аясында біз ойын стадиондарына талапты қатаңдатамыз. Спорттық инфрақұрылымды жақсарту үшін Федерация мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидатына жүгінеді, шетелдік инвесторлар тартуды да қолдайтын боламыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар