2022 жылға қарай ұялы байланыстың енуі 30 пайызға артады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылға қарай ұялы байланыстың Қазақстандағы енуі 30 пайызға артады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында БҰҰ-ның «Электрондық үкімет» жаһандық форумында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлім етті.

2022 жылға қарай ұялы байланыстың енуі 30 пайызға артады

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде статистика бойынша Қазақстанда симкарталарды пайдаланушылардың саны 29 миллионды құрады. «2022 жылға дейін бұл көрсеткіш 34 миллион пайдаланушыға жетеді»,-деді компания басшысы.

Бұл көрсеткіш халық санының артуы есебінен, ұялы байланыстың тереңдеп енуі және бірегей пайдаланушылар есебенінен жүзеге асады.

«2022 жылға дейін ұялы байланыстың енуі орташа есеппен 30 пайызға артады»,- деп нақтылап өтті Қ. Есекеев.