2022 жылы ауыл тұрғындарына медициналық қызметтің жақсаруы үшін қандай жұмыстар атқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл ашылған 87 медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету объектісінің басы бөлігі ауылды жерлерде орналасқан. Сондай-ақ, Ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін шешу үшін ауылда 72 дәріхана пункті мен 161 жеке дәріхана ашылды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

2022 жылы ауыл тұрғындарына медициналық қызметтің жақсаруы үшін қандай жұмыстар атқарылды

Мәселен, осы жылы халыққа медициналық алғашқы көмек көрсету позициясын күшейту бөлігінде биылғы жылы 87 медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету (МСАК) объектісін салу және ашу жұмыстары аяқталды, олардың басым бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан.


2022 жылы Қазақстанда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында ДДҰ Еуропалық аймағына мүше 53 мемлекет үшін халыққа медициналық алғашқы көмек көрсетудің озық тәжірибелерін көрсету бойынша әлемдегі алғашқы МСАК көрсету алаңы ашылды.


Сондай-ақ, Биыл алғаш рет ауыл тұрғындарына асқазан-ішек жолдарының, несеп шығару жүйесінің, егде жас тобындағы тыныс алу ағзаларының ауруларын және қуықасты безі обырын ерте анықтау үшін профилактикалық қарап-тексерулер басталды.

Ауыл тұрғындарының арасында туғаннан бастап 18 жасқа дейін «Балалар», 18 жастан бастап 29 жасқа дейін «Жастар», 30 жастан бастап 44 жасқа дейін «Еңбек-1», 45 жастан бастап 65 жасқа дейін «Еңбек-2» және 66 жастан асқан «Зейнеткер» сияқты санаттар бойынша нысаналы топтар анықталды.


Одан бөлек, Ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін шешу үшін ауылда 72 дәріхана пункті мен 161 жеке дәріхана ашылды.


Ауыл тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдар базасында 75 дәріхана пункті, 165 жеке дәріхана ашылды.

77 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек көрсеткен 2 «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының жұмысы қайта жанданды.

Ел халқына, оның ішінде ауыл тұрғындарына МСАК қолжетімділігін арттыру үшін ағымдағы жылы денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі қайта қаралды.

Сондай-ақ, аудандық ауруханаларды заманауи компьютерлік томографтармен, рентген аппараттарымен қамтамасыз ету жүргізілуде - жарақтандыру 84%-ға дейін жеткізілді.