2022 жылы Қазақстан өзiнiң iшкi нарығын ашық түстi мұнай өнiмдерiмен толықтай қамтамасыз ететiн болады - С. Мыңбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылы Қазақстан өзiнiң iшкi нарығын ашық түстi мұнай өнiмдерiмен толықтай қамтамасыз ететiн болады. Бұл туралы бүгiн ОКҚ брифингiсiнде «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлiм еттi.

2022 жылы Қазақстан өзiнiң iшкi нарығын ашық түстi мұнай өнiмдерiмен толықтай қамтамасыз ететiн болады - С. Мыңбаев

"Қазiргi уақытта Қазақстан шамамен 1,6-1,7 млн. тонна ашық түстi мұнай өнiмдерiн импорттайды. Бүгiнгi таңда елiмiзде 3 мұнай өңдеу зауыттары жаңғыртылуда. Жаңғырту жұмыстарынан кейiн Павлодар мұнай өндiру зауытының қуаты 7 млн. тоннаға, Шымкент зауыты 6 млн. тоннаға, Атырау мұнай өңдеу зауытында 5 млн. тоннаға өседi. Зауыттарды жаңғырту iсi 2016 жылдың екiншi жартыжылдығында аяқталады деп күтiлуде. Ал 2022 жылы Қазақстан өзiнiң iшкi нарығын ашық түстi мұнай өнiмдерiмен толықтай қамтамасыз ететiн болады", - дедi ол.

Оның айтуынша, зауыттарды жаңғырту - заман талабы. Елiмiз еуро-4, және еуро-5 талаптарына көшуi тиiс, сонымен қатар бүгiнгi жағдайда 5-6 млн. тоннадан аз мұнай өңдеу экономикалық жағынан тиiмсiз.