2022 жылы Маңғыстауда өмірге келген сәбилерге қандай есімдер жиі қойылған?

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Былтыр Маңғыстау өңірінде дүниеге келген нәрестелерге ең жиі қойылған есімдер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2022 жылы Маңғыстауда өмірге келген сәбилерге қандай есімдер жиі қойылған?

Маңғыстау - демографиялық көрсеткіш бойынша көш басында тұрған облыстың бірі. Биылдың өзінде облыста 20 мыңға жуық бала дүниеге келген.

2022 жылы қаңтар-желтоқсан аралығында дүниеге келген ұлдар арасында «Әлихан» есімін - 244, «Омар» есімін - 166, «Нұрислам» есімін - 164, ал «Хамза» есімін 148 нәресте еншілеген. Бұдан бөлек, ұлдарға қойылған есімдер қатарында Алдияр, Ибрахим, Муслим, Айсұлтан, Рамазан, Алинұр, Ерасыл, Арсен, Дамир жиі кездескен.

Ал өмірге келген қыз балаларға есім таңдауда ата-аналар «Медина» атына айрықша ықылас танытқан. Себебі былтыр «Медина» есімін - 371, «Айлин» есімін - 283, «Айша» есімін - 275, «Раяна» есімін 224 жаңа туған қыз балаға қойған. Қыздар арасындағы ең танымал есімдер санатына Томирис, Айзере, Сафия, Айым, Асылым, Айару, Аяла, Аяна, Әмина, Кәусар жатады.