2023-2024 жылдары 307 жолаушылар вагоны сатып алынады

вагон
Фото: Kazinform

2023-2024 жылдары 307 жолаушылар вагоны сатып алынады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Kazinform.

Үкімет басшысының дерегінше, бүгінде еліміздің жолаушылар вагондары паркі 2567 бірлікті құрайды. Олардың орташа пайдалану мерзімі - 18 жыл. Вагондардың 76 пайызы ауаны баптау жүйесімен қамтамасыз етілген.

«Жолаушылар вагондарын жаңарту мақсатында 2010 жылдан бастап бүгінге дейін 1 238 вагон сатып алынды. Сонымен қатар, 2022 жылдың желтоқсанында 2025-2030 жылдары аралығында 537 Stadler жолаушылар вагонын сатып алуға келісімшарт жасалды. Сондай-ақ, биыл «ЗИКСТО» АҚ-мен 150 жолаушы вагонын сатып алуға шарт (осы жылдың соңына дейін 50 бірлік, 2024 жылы қалған 100 вагон жеткізіледі) рәсімделді. 2024 жылы қосымша 157 вагон сатып алу жоспарланған. Барлық іс-шараларды ескере отырып, 2030 жылы парктің орташа пайдалану мерзімі 18- ден 13 жылға дейін төмендейді», -деді Әлихан Смайылов жауабында.

Соңғы жаңалықтар