2023 жыл бақылау жүргізу басталғалы бергі кезеңдегі ең жылы жыл болмақ

2023 жыл – бақылау жүргізіле басталған жылдар ішіндегі ең жылысы болмақ. Қараша – температуралық рекорд орнатқан қатарынан алтыншы ай болғандықтан, Климаттың өзгеруі жөніндегі Copernicus еуропалық қызметі осындай қорытынды жасаған. Kazinform бұл туралы Еuronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

климат
Фото: Рixabay

Еуропада 2023 жылдың қыркүйек-қараша айларындағы орташа температура 10,96°С болды. Бұл орташа көрсеткіштен 1,43°С жоғары.

Қараша айындағы орташа температура – 14,22°C, бұл кейінгі 30 жылдағы орташа көрсеткіштен 0,85°C жылы.

Әлем елдерінде қараша айында термометр бағаны жоғары болды. Бұл желтоқсан көрсеткіштерін есепке алмағанның өзінде 2023 жыл тарихтағы ең жылы жыл болатынын көрсетіп отыр. Осыған дейін бұл рекорд 2016 жылдың еншісінде еді.

Copernicus ғалымдарының есептеуінше, күннің жылынуы климаттың өзгеруіне қарсы 2015 жылғы Париж келісіміне сай дүниежүзі мемлекеттері белгілеген халықаралық межеге жақындап қалды.