2023 жылы мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері орындалды – Қаржы министрі

АСТАНА. KAZINFORM – Былтыр Республикалық бюджеттің кірістері бойынша жылдық жоспар 99,9 пайызға орындалды. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуын талқылау кезінде ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев мәлім етті.

Қаза тапқан 17 кеншінің отбасына әлеуметтік төлем тағайындалды
Фото: gov.kz

«Қажет қаржыландырумен қамтамасыз ету - мемлекетке өзінің әлеуметтік міндеттемелердің барлығын орындауға мүмкіндік берді. Жалпы, бюджет тапшылығы 3,1 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге қарағанда 2,6 пайызды құрады», - деді М. Такиев.

Оның айтуынша, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш 27,2 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге шаққанда 22,8 пайызды құрады.

Сонымен қатар ол былтыр Республикалық бюджеттің кірістері бойынша жылдық жоспар 99,9 пайызға орындалғанын, бюджетке 19 трлн теңге түскенін айтты. Оның ішінде, республикалық бюджеттің меншікті кірістері (трансферттерді есептемегенде) 14,5 трлн теңгеге жетті. Салық түсімдері 12,9 трлн теңгені құрады.

«Жалпы, 2022 жылмен салыстырғанда кірістер 4 трлн теңгеге ұлғайды, оның 2,9 трлн теңгесі 29 пайызға өскен салық түсімдеріне байланысты», - деді министр.