2023 жылдан бастап Алматыға келген шетелдіктерден туристік жарна алынады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Алматы қаласында шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемесін бекіту туралы» мәслихаттың шешімі дайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Алматы қаласында шетелдіктер туристерді орналастыру орындарында тұру құнының 5% мөлшерінде туристік алым мөлшерлемелері бекітілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта.

Ресми мәліметке сүйенсек, 2021 жылдың екінші тоқсанында Алматыда келу туристік орындарында 54 238 адамға, 2022 жылдың екінші тоқсанында 151 467 адамға қызмет көрсетілді.

Бір жылда туристердің саны 97 229 адамға, яғни 179,2 пайызға өскен.

Бұл ретте, шетелдіктер үшін туристік салықты төлеу қағидалары өткен күнтізбелік жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туристерді орналастыру орындарында шетелдік туристер саны артқан жағдайда туристік салықтың мынадай мөлшерлемелерін белгілейді:

5%-ға дейін – тұру құнының 1%-ы мөлшерінде;

5-тен 10%-ға дейін – тұру құнының 2%-ы мөлшерінде;

10-нн 15%-ға дейін – тұру құнының 3%-ы мөлшерінде;

15-тен 20%-ға дейін – тұру құнының 4%-ы мөлшерінде;

20% және одан жоғары - тұру құнының 5% мөлшерінде.

Осылайша, Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік алымға 5 пайыздық мөлшерлемені қолдану туралы шешімі қабылданды.

Құжат Ашық НҚА веб-сайтында 30 желтоқсанға дейін орналастырылған.


Соңғы жаңалықтар