2023 жылға дейін барлық ауылға сапалы ауыз су беріледі – Елбасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кеңесінде ауылдарды қолдау жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

2023 жылға дейін барлық ауылға сапалы ауыз су беріледі – Елбасы

«Үкімет аймақтарды, әсіресе ауылдарды қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құрып, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалар қабылдады. Мәселен, 2026 жылға дейін ауылдарды қолдауға шамамен 2 триллион теңге бөлу жоспарланған. Алдағы 3 жылда халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге 560 млрд теңге бөлінеді. Егер орындалуын қатаң бақыласақ, 2023 жылдың соңына қарай барлық ауылдық елді мекендер сапалы ауыз суға қол жеткізеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының өңірлік филиалдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.