2023 жылы Астанаға 300-ден астам электроавтобус жеткізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылы Астанаға 300-ден астам электроавтобус жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Астанада 2023 жылы желіге 300-ден астам электроавтобус шығады. Елорда әкімдігі автопаркті қоғамдық көлікпен жаңарту және толықтыру бойынша, оның ішінде жеке инвестицияларды жұмылдыру есебінен жүйелі жұмыс жүргізуде. Жаңа электр автобустары автопаркті айтарлықтай жаңартуға, жаңа маршруттарды енгізуге, аялдамаларда автобустардың күту аралығын қысқартуға мүмкіндік береді», - делінген әкімдіктің ресми сайтында жарияланған ақпаратта.

«City Transportation Systems» ЖШС қазіргі уақытта автобус паркін 300-ден астам электроавтобуспен жаңарту және толықтыру бойынша үш инвестормен жұмыс жүргізіп жатыр. Жеке инвестициялар есебінен қалада автобус паркі де салынды.

Бұған дейін Астанада желіге 115 электроавтобус шығарылған болатын. Биыл қыс мезгілінде тағы 50 электроавтобус шығару жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, биыл жыл басынан бері қоғамдық көлік маршруттарының 27 сызбасын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілді. Жаңа маршруттар іске қосылып, Bus lane жаңа учаскелері енгізілді. 15 аялдама пайдалануға берілді. Соңғы жылдары 70 жылы аялдама орнатылды. Тағы 20 жылы аялдама бойынша инженерлік желілерге қосылу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Фото: Астана қ. әкімдігінің баспсөз қызметі
Соңғы жаңалықтар