2023 жылы кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруға 300 мың медицина қызметкері қамтылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың бойынша 300 мыңнан астам адам қамтылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2023 жылы кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруға 300 мың медицина қызметкері қамтылады

«2023 жылдан бастап сақтандыруды жұмыс берушінің есебінен жүзеге асыруды ұсынамыз. Ал 2025 жылдан бастап сақтандыру сыйлықақысының сомасын медициналық ұйым мен медицина қызметкерлерінің арасында бөлу ұсынылады. Бұл өз кезегінде ортақ кәсіптік жауапкершілікке әкеледі. Яғни, әр дәрігер өзінің жұмысы үшін жауап беруі керек», - деді А. Ғиният Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру кезінде.

Оның айтуынша, кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру жүйесімен 304 мыңнан астам медицина қызметкерін қамту ұсынылады. Бұл тұрғыда жүргізілген есептеулер нәтижесінде 2023 жылы жалпы сомасы 4,6 млрд теңге ескерілмек. Оның 2,7 млрд теңгесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің есебінен және 1,8 млрд теңгесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың есебінен болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігі бойынша міндетті сақтандыру жүйесі енгізіледі.