2023 жылы өңірлер бойынша гендерлік қажеттіліктер картасы енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша 17 орталық құрылады. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2023 жылы өңірлер бойынша гендерлік қажеттіліктер картасы енгізіледі

«Әйелдердің іскерлік, көшбасшылық әлеуетін жүзеге асыруға, белсенділігін аттыруға жағдай жасау үшін 2023 жылы өңірлер, қалалар мен аудандар бойынша гендерлік қажеттіліктер картасы енгізілетін болады. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша 17 орталық құрылады», - деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, атқарушы, өкілдік, сот органдары мен квазимемлекеттік секторда басшылықтағы әйелдердің үлесі 30 пайызға дейін жеткізіледі.

Елдің қоғамдық-саяси өмірінде әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған 37 жоба іске асырылады.