2024 жыл: Табиғи сұлулық трендте

сұлулық
Фото: Кейіпкерден

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Сұлулық индустриясы күн санап дамып келеді. Қазір қыз-келіншектер көрікті болудың құпиясын медицина мен косметологиядан іздейді. Келісті кескін, әдемі пішін, қыр мұрын...Тізе берсек, көп-ақ. Табиғи сұлулық пен жасанды сұлулықтың айырмашылығы неде? Беттегі кемшіліктер мен ақауларды жоюға, ерте қартаюды болдырмауға және жасқа байланысты өзгерістермен күресуге бағытталған қандай процедура бар. Бұл жайында Ұлттық госпитальдың дерматовенеролог дәрігері, косметолог Мухабат Насыровадан сұрап көрдік.

- Қазір сұлулық әлемінде пластикалық ота жасату сәнге айналды. Елімізде де бұл сала бірінші орында тұр. Ал косметология қалай дамып жатыр?

- Косметология саласы да бір орнында тұрған жоқ. Айтарлықтай оң өзгерістер бар. Бұған осы маманың қызметіне жүгінетін қыз-келіншектер санының артқаны дәлел. Қазір косметология да пластикалық хирургия мен физиотерапияның қатарында. Сұлулық индустриясында аппараттық түзету әдістері, жіп имплантологиясы, инъекциялар жоғары бағаланады. Алайда ешқандай құралдың көмегінсіз, қолмен жасалатын процедураға әрқашан басымдық болады. Нейрожелілер мен машиналар бәрін ойдағыдай жасамайды. Сондықтан жеке, күрделілік және терапия қатар жүреді.

– Қыз-келіншектерге 2024 жылдың тренді туралы айтып берсеңіз, нені ескерген жөн?

- Осы жылы минимализм немесе табиғи сұлулық трендте. Адам өзіне күтім жасаса, үнемі төлқұжаттағы жасынан жас көрінетін болады. Косметологтың жұмысы байқалмағаны абзал. Шынайлыққа жақын болу керек. Еуропалық қабақ, Джоли пішіні, Малифицент бет сүйектері, түлкі көздер – анти-тренд. Олар косметологияның барлық ережесіне қайшы. Қазір нәзік жандылар осыны түсінді.

тренд
Фото: Кейіпкер

– Косметологқа қанша жастан барған дұрыс?

- Мен косметолог маманға 18 жастан бастап жүгінуге кеңес беремін. Қазір жастар оны жақсы біледі. Тек дұрыс маманды таңдау керек, зерттеулерден өткен сертификатталған препараттары бар дәрігерлерге барған жөн.

Тері – адамның ең үлкен мүшесі. Ауруды терідегі белгі арқылы анықтауға болады. Мысалы, мен пациенттерден олардың қандай аурулары мен патологиялары бар екенін бірден анықтаймын, тіпті психолог қажет болған кезді де байқаймын. Өйткені көптеген ауру соматиканың нәтижесі. Терідегі безеу психологиялық құрамдас бөлікке ие, қазір «локизм» ұғымы бар, адамдар сыртқы келбетіне қарап қабылданбайды, мұндай кемсітушілік айтылмайды адам тіпті сотта өзін осы үшін жұмысқа қабылдамағанын дәлелдей алмайды. Күйзеліске ұшыраған адамды беті мен терісінен білуге болады. Бірақ мұны курстардан кейін косметолог емес, дәрігер ғана анықтай алады. ТМД елдерінің косметологтары әлемдегі ең үздіктердің бірі екенін атап өткім келеді.

– Өз жасыңнан қалай жас көрінуге болады?

- Адамның жасын өмір сүрген жылдарына емес, сыртқы келбетіне қарап анықтауға болады. Ең бастысы – сыртқы келбет пен ішкі күйдің үйлесімділігі. Ұйқы, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты жастықтың басты бағдары. Егер адам ұзақ, салауатты және сапалы өмір сүруді жоспарласа, онда осыны әдетке айналдыру керек. Әр адам қартайғанша өмір сүргісі келеді, бірақ қартайғысы келмейді. Пациенттер оңалту кезеңінсіз және косметологпен тұрақты байланыссыз жылдам және тиімді процедураларды қалайды.

тренд
Фото: Кейіпкерден

– Бетке жасалатын жаттығулардың пайдасы бар ма?

- Қазір косметологтар сәнді бет жаттығуларын жасауды ұсынбайды, олар тек қосымша шара. Олар рең береді, қан айналымын жақсартады, бірақ теріні жасартпайды.

– Диета ұстаған дұрыс па?

- Вегетарианшыл мен диета жастықтың жауы. Ақуыз қабылдамайтын адамдардың ағзасында ресурстар таусылады. Сондықтан мен оны дұрыс деп есептемеймін. Жақсы бет – денсаулық кепілі, сондықтан нәтижеге жету үшін кешенді көзқарас қажет.

– Әңгімеңізге рақмет!

Соңғы жаңалықтар