2024 жылғы Олимпиаданың жабылу салтанатында Билли Айлиш, Red Hot Chili Peppers және Снуп Догг өнер көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM –  2024 жылғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты аясында америкалық жұлдыздар өнер көрсетеді, деп хабарлайды Kazinform ресми сайтқа сілтеме жасап.

Олимпиада
Фото: видеодан кадр

Соңғы сәтке дейін жабылу салтанатының бағдарламасы құпия болып келген еді. Дегенмен, оған Билли Айлиш, Red Hot Chili Peppers, Снуп Догг және H.E.R. сияқты жұлдыздар қатысатыны белгілі болды.

2028 жылғы Олимпиаданы ұйымдастырушылар олардың қатысатынын растады.