2024 жылы қоғамдық қауіпсіздік туралы жаңа тұжырымдама іске қосылады

тұжырымдама
Фото: ҚазАқпарат

Елімізде алдағы 5 жылға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамту туралы жаңа тұжырымдама іске қосылады. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы әзірленді. Ол қазір келісім үстінде. Аталған құжат Мемлекет басшысының тиісті Жарлығымен 5 жылға (2024-2028 жылдар) бекітіледі. Тұжырымдаманың барлық мемлекеттік органдардың, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың кең ауқымды мәселелерінің қамтылуымен мәртебесі жоғары», - деді Игорь Лепеха Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырған жиында.

Вице-министрдің айтуынша, тұжырымдаманы әзірлеуде азаматтық қоғам пікірі тыңдалды.

«Арнайы әлеуметтік сауалнама ұйымдастырылып, оған 10 мыңнан астам азамат қатысты. Барлық ұсынысты ескере отырып, тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленді. Айта кететін жайт, тұжырымдаманың бірінші бөлімі «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жәбірленушілерді кешенді қорғау және оларға көмек көрсету жүйесін құру» тақырыбына арналған», - дейді министрдің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар