2024 жылы күрестен Қазақстан біріншілігі қай қалада өтеді
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті келер жылы күрестен Қазақстан чемпионатының еліміздің қай қаласында өтетінін жариялады, деп хабарлайды Kazinform.
Аталған комитеттің таратқан мәліметіне сүйенсек, лицензиялық турнирлер қарсаңындағы ел біріншілігі Астана қаласында 5-11 ақпан аралығында ұйымдастырылады.
Қазақстан чемпионатында топ жарған олимпиадалық салмақтағы спортшылар төртжылдықтың басты додасы Париж Олимпиадасының жолдамасына таласады. Іріктеу турнирлері 19-21 сәуір аралығында Бішкекте, 9-12 мамыр аралығында Ыстамбұлда өтеді.
Айта кетейік, күрес түрлерінен Қазақстан командасында әзірге екі жолдама бар. Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков (86 келі) пен грек-рим күресінің өкілі Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) Белградтағы әлем чемпионатында лицензия иеленген болатын.