2024 жылдан бастап ауылдық бюджеттерге қосымша салықтар мен төлемдер беріледі
«Бюджет кодексіне сәйкес бюджет процесінде облыстық бюджеттің аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерімен өзара қарым-қатынасына жол берілмейді. Бұдан басқа, бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктер ара жігінің айқын ажыратылуына, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері арасында түсімдер мен шығыстардың біркелкі бөлінуіне, сондай-ақ бюджетаралық трансферттерді айқындау әдістерінің бірлігі мен ашықтығына негізделген», - деді Үкімет басшысы жауабында.
Премьер-Министрдің түсіндіруінше, Экология кодексіне сәйкес қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы бойынша түсімдер жоспарын уәкілетті орган бекітетін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға толығымен жіберіледі. Осыған байланысты бұл төлем 4-ші деңгейдегі бюджетке берілуге жатпайды. Сонымен қатар, бюджеттің 4-ші деңгейінің қаржылық мүмкіндіктерін күшейте отырып, жергілікті өзін-өзі басқаруды (бұдан әрі – ЖӨБ) нығайту жалғасуда. Ауылдық округ әкімі меншік иелерінің жер учаскелерін ұтымды және мақсатты пайдалануы үшін жауаптылықта болатынын ескере отырып, 2022 жылдан бастап бірыңғай жер салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер және жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы бюджеттің төртінші деңгейіне берілді.
«ЖӨБ дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу кезінде бюджеттің 4-деңгейінің жоғары тұрған деңгейден қаржылық тәуелділігін төмендету көзделген. Тұжырымдамада 2024 жылдан бастап ауылдық бюджеттерге қосымша салықтар мен төлемдерді (су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға өткізу арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы (алкоголь өнімін сақтау және бойынша) беру көзделген. Осылайша, қолданыстағы кіріс көздері түсімдердің қосымша түрлерін бюджеттің 4-ші деңгейіне беру арқылы ұлғаяды. Сонымен қатар, ауылдық округтің учаскелік полицейлері салатын айыппұлды ауылдық округтің бюджетіне беру жергілікті бюджеттің 4-ші деңгейі кіріс бөлігінің нығаюына қарай одан әрі қаралатын болады», - деді Әлихан Смайылов.