2024 жылдан «басынан бастап реттеу» жүйесі іске қосылады - Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде жаңа салық кодексін әзірлеуге бизнес тікелей қатысатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2024 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Оны әзірлеуге бизнес тікелей қатысады. Бұл – менің Үкіметке берген тапсырмам. 2024 жылдан «басынан бастап реттеу» жүйесі іске қосылады. Бұл бизнесті артық әкімшілік қысымнан босатады. Мемлекеттік сатып алу тәсілдері мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік моделі толығымен қайта қаралып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнама жетілдіріледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото: akorda.kz