2024 жылға дейін елдегі бүкіл инженерлік желілер цифрландырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2024 жылға дейін елдегі бүкіл инженерлік желілер цифрландырылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2024 жылға дейін елдегі бүкіл инженерлік желілер цифрландырылады

«Қала құрылысы кодексін әзірлеу мақсатында министрлікте жұмыс тобы құрылды, оның құрамына ғылыми институттар мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдері кірді. ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ақпараты бойынша қала құрылысы кодексін әзірлеуге жалпы 1,3 млрд теңге көлемінде қаржы қажет болады», - деді министр.

Оның мәліметі бойынша, қазіргі таңда инженерлік желілерді цифрландыру деңгейі 64,7% болған.

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде 2024 жылға дейін барлық инженерлік желілерді цифрландыру жоспарлануда», - деді ведомство басшысы.