08:49, 17 Желтоқсан 2014 | GMT +5
2024 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге алғашқы ресми үміткер қала белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рим 2024 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге алғашқы ресми үміткер қала ретінде тіркелді.
Бұл туралы Италияның ұлттық Олимпиада комитетінде мәлім еткен.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш ойындарды өткізуге үміткерлер қатарында сондай-ақ Ыстамбул (Түркия), Баку (Әзербайджан), Будапешт (Венгрия), Берлин (Германия), Рим (Италия), Доха (Катар), Найроби (Кения), Касабланка (Марокко), Гвадалахара (Мексика), Тайбей (Тайвань), Санкт-Петербор (Ресей), Киев (Украина), Париж (Франция), Дурбан (ОАР), Филадельфия, Вашингтон, Чикаго және Бостон сынды АҚШ қалалары бар, деп хабарлайды azerisport.com.