2025-2030 жылдары сұраныста болатын ТОП-10 мамандықтың 7-еуі білім саласына тиесілі

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздегі алдағы 5 жылда ең сұранысы жоғары болатын мамандықтар тізімінде мұғалімдер мен тәрбиешілер көш бастап тұр. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының Kazinform жолдаған ресми сауалға жауабында жазылған.

2025-2030 жылдары сұраныста болатын мамандықтар
Фото: uza.uz

Орталықтың сарапшылары келтірген дерекке сай, алғашқы бестікте мектепке дейінгі білім беру мекемесінің тәрбиешісі, гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндердің мұғалімі, бастауыш сыныптардың мұғалімі және орта мектепте өзге де пәндерден сабақ беретін мұғалімдер тұр. 

2025-2030 жылдары сұраныста болатын мамандықтар
Фото: Kazinform

Елімізде 2025-2030 жылдары сұраныс жоғары болатын мамандықтардың ТОП-10 тізімі: 

23740 адам – Мектепке дейінгі білім беру тәрбиешісі;
22780 адам – Орта мектептің гуманитарлық пәндер мұғалімі;
20352 адам – Орта мектептің жаратылыстану бағытындағы пәндер мұғалімі;
17447 адам – Бастауыш сынып мұғалімі;
10655 адам – Орта мектепте өзге де пәндерден сабақ беретін мұғалімдер;
8641 адам – Бағдарламаларды тестілеуден өткізу бойынша мамандар мен бағдарлама жасаушылар;
7442 адам – Орта мектептің математика ғылымы бойынша пәндер мұғалімі;
6830 адам – Орта мектептің техникалық пәндер мұғалімі;
6421 адам – Жарнама және өнімді ілгерілету бойынша кәсіби мамандар;
6116 адам– Техник-электриктер (жалпы профиль бойынша).

Бұған дейін елімізде 2025 жылы жоғары сұраныста болатын жұмысшы мамандықтардың ТОП-10 тізімін жариялаған едік.

Соңғы жаңалықтар