2025 жылдан бастап шенеуніктер табысын ашық жариялайды

мемқызметші
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Келесі жылдан бастап шенеуніктер табысы туралы декларация тапсыратын болады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев мәлім етті.

«Шенеуніктердің декларациясы 2025 жылдан бастап жарияланады. Менің декларацияма келетін болсақ, әрине ашық жариялаймын. Бірақ ол жерде тіркелген мүліктерді көрсетудің қажеті жоқ, өйткені ол мемлекеттік органдарға тиесілі», - деді Мәди Такиев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында. 

Еске салсақ, биыл 3,9 млн қазақстандық декларация тапсыруға міндеттелетіні туралы хабарлаған едік. 

Айта кетейік, биыл 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары табысын жариялауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар