2025 жылғы «Грэмми» сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM – Лос-Анджелесте «Грэмми» сыйлығымен марапаттаудың 67-ші рәсімі өтті. Сыйлықтар 94 номинация бойынша табыс етілді.

Әнші Бейонсе «үздік альбом» жүлдесін жеңіп алды. Ол негізгі номинация бойынша төрт рет ұсынылды, бірақ ешқашан жеңіске жете алмаған еді.
2025 жылғы «Грэмми» сыйлығы жеңімпаздарының тізімі:
Жыл альбомы
Бейонсе – Cowboy Carter
Жыл жазбасы
Кендрик Ламар – Not Like Us
Жыл әні
Кендрик Ламар – Not Like Us
Үздік жаңа орындаушы
Чаппелл Рон
Үздік жеке поп-орындау
Сабрина Карпентер - Espresso
Үздік вокалдық поп-альбом
Сабрина Карпентер – Short n' Sweet
Дуэт немесе топтың үздік поп-орындауы
Леди Гага мен Бруно Марс – Die With A Smile
Үздік рэп альбом
Alligator Bites Never Heal —Doechii
Үздік рэп орындау
Кендрик Ламар – Not Like Us
Үздік кантри-альбом
Бейонсе – Cowboy Carter
Үздік жеке кантри-орындау
Крис Степлтон – It Takes a Woman
Үздік рок альбом
Rolling Stones — Hackney Diamonds
Үздік рок орындау
The Beatles – Now and Then
Үздік R&B альбомы
Крис Браун – 11:11 (Deluхe)
Ең жақсы R&B әні
SZA – Saturn
2025 жылғы Грэмми жеңімпаздарының толық тізімін мына жерден көруге болады.