2025 жылғы Қысқы Азия ойындары Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы хабарлағандай, 2025 жылы 7-14 ақпан аралығында өтетін Қысқы Азия ойындарының тікелей трансляцияның құқықтары сатып алынған. 

Азия ойындары
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық жанкүйерлер бұл ойындарды «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көре алады.

Харбинде өтетін Азия ойындарына Қазақстан атынан 137 спортшы қатысады. Азия ойындарында ту көтерушілер ретінде хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Қазақстан спортшылары қысқы Азия ойындарына алтыншы мәрте қатыспақ. Отандастарымыз ең алғаш 1996 жылы Харбиндегі додада өнер көрсеткен.

 

Соңғы жаңалықтар