2025 жылғы Пулитцер сыйлығының лауреаттары жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Колумбия университеті 2025 жылғы Пулитцер сыйлығының лауреаттарын жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

 2025 жылғы Пулитцер сыйлығының лауреаттары жарияланды
Фото: pulitzer.org

Төрт номинацияда The New York Times газеті жеңімпаз атанды. Ал The New Yorker журналы үш марапатқа ие болды. Сондай-ақ, The Washington Post, Reuters және The Wall Street Journal сияқты жетекші БАҚ сыйлыққа ие болды.

«Қоғамға қызмет» номинациясында журналистік зерттеумен айналысатын ProPublica ұйымы марапатталды. Журналистер түсікке қарсы қатаң заңдар қолданылатын штаттарда дәрігерлердің жедел көмекті кешіктіруі салдарынан қайтыс болған жүкті әйелдер туралы жазған.

The New York Times газеті АҚШ-тың Ауғанстандағы сәтсіздігі неден басталғанын саралағаны үшін марапатталды. Сондай-ақ, басылым фотографы Дональд Трампқа жасалған қастандық әрекетінен кейінгі фотосуреттер сериясы үшін үздік атанды.

The New Yorker журналы Газа секторындағы физикалық және эмоциялық күйреу жайлы эссесі үшін марапатқа ие болды.

2025 жылғы Пулитцер сыйлығының лауреаттары:

Қоғамға қызмет — ProPublica

Жедел хабар тарату — The Washington Post

Журналистік зерттеу — Reuters

Түсіндірмелі материал — The New York Times

Жергілікті репортаж — The New York Times

Ұлттық репортаж — The Wall Street Journal

Халықаралық репортаж — The New York Times

Фоторепортаж (жедел жаңалықтар) — The New York Times

Комментарий — The New Yorker

Лауреаттардың толық тізімімін мына жерден оқуға болады.

Айта кетейік, Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары, сондай-ақ Алғысы биыл да беріледі.

 

Соңғы жаңалықтар