2025 жылы еліміз 16 млн тонна бидай мен ұн экспортталды
АСТАНА. KAZINFORM – Еліміз 2025 жылы агроөнеркәсіп өнімдерін экспорттаудан 3,5 трлн теңге табыс тапты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІІ форумында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.
- Егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстар да жалғасып жатыр. Өткен жылдан бері бидайдың егіс көлемі шамамен 17 пайызға қысқартылды. Оның орнына табысы жоғары әрі сұранысқа ие майлы және бұршақ дақылдары егіледі. 2023 жылдан бері бұл дақылдардың егіс көлемі екі есеге ұлғайды. Бұл өзгерістер өнім өткізу нарығын кеңейтуге және бидай бағасының тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді, - деді ол.
Оның пайымынша, ендігі басты міндет – өндірілген өнімді ел ішінде терең өңдеп, қосылған құнын арттыру және экспорт көлемін ұлғайту.
- Соңғы екі маркетингтік жылда бидай мен ұн экспорты рекордтық көрсеткішке жетті. 2024 жылы 15,3 млн тонна, ал 2025 жылы 16 млн тонна өнім экспортталды. Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Бүгінде еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің өнімдері әлемнің 72 еліне экспортталады. 2025 жылы экспорттан түскен табыс 3,5 трлн теңгеге жетті. Бұл да бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткіш. Аграрлық экспорттағы өңделген өнімнің үлесі де артып келеді, - деді Айдарбек Сапаров.
Құрғақшылыққа қарамастан 24,5 млн тонна астық жиналғанын жазған едік.