2025 жылы Қырғызстанға 5,3 млн шетелдік турист барды
БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстандағы демалушылар саны 2025 жылы 1,5 есе өсті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.
Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2025 жылы 5,3 млн турист демалған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Оның ішінде ұйымдастырылған туризм секторында 3,6 млн-нан астам адам демалған. Бұл көрсеткіш бір жылда 1,5 есеге өскен. Ал ұйымдастырылмаған туризм секторында 1,7 млн адам демалған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,4 есе көп.
Демалыс үшін негізгі бағыт Ыстықкөл облысы болды. Онда 2025 жылы туристерді қонақжайларды қоса алғанда 2,5 мың демалыс мекемесі мен туризм ұйымы қабылдап, қызмет көрсетті.
Ыстықкөл облысы курорттық аймағының ұйымдастырылған секторында 894 мыңнан астам адам демалды. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 1,3 есе өсті. Өз кезегінде, қонақжайлар мен жеке үйлерде 1,7 млн адам демалған (өсім — 1,4 есе).
Осыған дейін Қырғызстан туроператорларды туристерді сақтандыруға міндеттеу туралы ұсыныс жасағаны хабарланды.
Сондай-ақ Қазақстан АҚШ туристері үшін қауіп деңгейі төмен елдер қатарында екенін жаздық.