2025 жылы құзғын Қазақстандағы жыл құсы болып таңдалды

АСТАНА. KAZINFORM – Құзғын Қазақстанға Үндістан, Пәкістан, Йемен және Сауд Арабиясынан қайтарыла бастайды. Бұл туралы Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы мәлім етті. 

2025 жылы құзғын Қазақстандағы жыл құсы болып таңдалды
Фото: tabigat.media

Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (АСБК) және Қазақстан құстарын қорғау одағы «Жыл құсы» науқаны барысында дауыс беруді өткізіп, нәтижесінде құзғын юрктен (Fringilla montifringilla) озып шықты, оларға сәйкесінше 60% және 40% дауыс берілген. 
Құзғын (Neophron percnopterus) — сұңқар тәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жұртшылар туысының бір жалғыз түрі, жыртқыш құс. Қазақстанда Тянь-Шань тауының сілемдерін, Үстірт пен Маңғыстаудың құлама жарларын мекендейді.

2025 жылы құзғын Қазақстандағы жыл құсы болып таңдалды
Фото: tabigat.media

Дене тұрқы 58 – 66 см, қанатының ұзындығы 1,6 – 1,7 метр (жайғанда), салмағы 2,5 килограмм. Тұмсығы ұзын әрі өте жіңішке болады. Ересектері сұрғылт түсті, қанаттарының шетінде қара жолақтары бар, басы мен жемсауы қауырсынсыз, тықыр. Балапандарының түсі – қоңырқай. Үнсіз, қалықтап ұшады.

Қазақстанда орта есеппен шамамен 502 жұп құзғын ұялайды. Бұл – саны азайып бара жатқан сирек кездесетін түр, ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. IUCN Қызыл тізімінде құзғын құрып кету қаупі төніп тұрған құстар тізіміне енгізілген, яғни бұл түрдің 20 жыл немесе 5 ұрпақ ішінде жойылу мүмкіндігі 20%-ды құрап отыр.

2025 жылы құзғын Қазақстандағы жыл құсы болып таңдалды
Фото: tabigat.media

Олар Маңғышлақ, Қаратау, Қырғыз және Талас Алатауының аласа тауларында, Шу-Іле тауларында, Іле және Жоңғар Алатауларында ұя салады. Көбіне жартас қуыстарына ұялайды. 

Атап өтілгендей, құстар браконьерлердің немесе басқа жыртқыштардың құрбаны болу және улы жеммен, өз тағамынан улану қаупі жоғары – ветеринарияда қолданылатын стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, мысалы, диклофенак, кетопрофен, флуниксин өлексе жейтін құстар үшін қауіпті, сондықтан мұндай препараттар салу арқылы емделген малды азығына пайдаланған құс қырылуы мүмкін. 

Жыртқыш құстардың бұл түрі жануарлар мен адамдар арасында қоздырғыш бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтардың таралуына жол бермей, олардың мекендейтін ортасын таза ұстау арқылы қоршаған ортаға өз үлесін қосады.

Соңғы жаңалықтар