2025 жылға дейін 2 млн жаңа жұмыс орны құрылады - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін 2 миллион жаңа жұмыс орны құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2025 жылға дейін 2 млн жаңа жұмыс орны құрылады - министр

Халық табысын арттыру жөніндегі 2025 жылға дейінгі бағдарлама аясында Еңбек министрлігі жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының дағдыларын жетілдіру және жастарды кәсіптік бағдарлау бойынша 3 негізгі бағытта жұмыстар жүргізетін болады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, Еңбек министрлігінің қатысуымен барлығы 33 іс-шара қарастырылған. Оның 16-сы тікелей министрлікпен жүзеге асырылады.

«Бұл іс-шаралар күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын халықтың үлесін азайту, жұмыссыздық көлемін төмендету, 2025 жылға дейін 2 миллиондай жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді», - деді Серік Шәпкенов.