2025 жылға дейін ауылдарда үй салуға 110 мың жер учаскесі беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021-2025 жылдар аралығында тұрғын үй құрылысына инфрақұрылым тарту үшін жыл сайын 170 млрд теңге бөлініп отырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

«Тұрғын үй құрылысын ынталандыру және құнын арзандату мақсатында мемлекет тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарды, оның ішінде азаматтарға жеке құрылыс салу үшін бөлінетін жер учаскелерін инженерлік желілермен жабдықтайды. 2021-2025 жылдары 235 мың жер учаскесін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарлануда. Оның ішінде облыс орталықтарында, шағын қалаларда - 125 мың жер учаскесі және ауылдық жерлерде 110 мың жер учаскесі. Жыл сайын бұл мақсатта республикалық бюджеттен 130 млрд. теңгеден бөлу көзделеді», - деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынатын пәтер саны көбейетін болды.

Осы шарада «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 5 мың пәтер берілетінін айтты.



Соңғы жаңалықтар